Келу ережелері

Құрметті келушілер!

Академик Қ.И Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінекіру қағидаларымен танысуларыңызды сұраймыз.

Біздің келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі-біздің басты басымдығымыз. Музейгекелуді жоспарлау кезінде келесі ережелер мен ұсыныстарды ескеруіңізді сұраймыз:

* Тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалануды ұмытпаңыз.

* Музейге  кірералдындадезинфекциялаушы заттар қолданған абзал.

* Музейге келушілер мен қызметкерлердің байланыссыз термометриясы өткізіледі. Егер сізде тыныс алу ауруының белгілері болса немесе соңғы 2 апта ішінде covid‐19 вирусын жұқтырған жағдайда үйде қалуыңызды сұраймыз. Егер мұндай белгілер байқалса немесе бақылау өлшеу кезінде дене температурасы 37 градустан асса, музей қызметкері сізді қабылдаудан бас тартуы мүмкін.

* Сіздің отбасыңыздың мүшелері болып табылмайтын барлық адамдардан кемінде 1,5 м қашықтықты сақтаңыз.

Музей сізге ыңғайлы және қауіпсіз аралауды қамтамасыз ету үшін бар күшін салады. Сізден қызмет көрсету кезінде қысқа мерзімді күту қажеттілігі туындаған жағдайда түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Барлық сұрақтарыңызға қуана жауап беретін біздің қызметкерлерден сұрауыңызға болады.