Басшы блогы
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың
Баянауыл мемориалдық музейіне қош келдіңіздер!
Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы әрі оның тұңғыш Президенті, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты, КСРО және ҚазССР Ғылым Академиясының академигі Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі алғашында 1964жылдың 26 қыркүйегінде қоғамдық негізде аудандық Мәдениет үйінде арнайы бұрыш ретіндежұмыс істей бастады.1967 жылы Павлодар облыстық Советінің шешіміне сәйкес Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтыңмузейі ресми түрде ашылып, қызмет көрсете бастады.
2013 жылы демеушілік арқылы қайта күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Музейде екі экспозициялық және 70 орындық конференц-зал орналасқан. Ғимараттың екінші қабатында «Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың артынан қалған өшпес ізі» атты қосымша бөлме ашылды.
Елбасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылы алғашқы рет және 2005 жылы Баянауыл ауданына арнайы сапарымен келгенде Ұлы ғалымның музейінде болды.
Бүгінде тек қана қазақстандықтарға ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтар мен туристерге ғалымның туған өлкесі, балалық шағы, оқу жылдары, қарапайым инженердер бастап Қазақстан Ұлттық ғылым Академясының Президентіне дейінгі өмір жолы туралы шыр шертеді.
Елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, өнер адамдары т.б. тұлғалар Баянауыл ауданына келген сапарларында үнемі Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл ауылында орналасқан қара шаңырағына соқпай кетпейді.
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі Баянауыл ауданының көрнекті мәдени орталықтарының бірі болып табылады.