Басшылық
Әбілғазин Қайыргелді Қасымтайұлы
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Әбілғазин Қайыргелді Қасымтайұлы 1960 жылғы 9 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында туған. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тамамдаған.
Қызметі
Қызмет жолын 1982 жылы Ресейдің Орынбор заводының жабдықтау бөлімінің экономисінен бастады.
1983 жылы Павлодар химия заводы №3 бөлімінің нормировщигі, Павлодар химия заводы №71 цехының материалдық- техникалық жабдықтау бөлімінің аға экономисі.
1983-1985 жылдары Кеңес армиясының қатарында әскери борышын өтеді. 1985-1986 жылдары «Баянауыл аудандық ауылшаруашылығы техникалары» мекемесінің аға инженері.
1986-1989 Баянауыл аудандық тұтынушылародағы басқармасының аға экономисі, 1989-1991 жылдары Баянауыл аудандық тұтынушылародағы басқармасы төрағасының кадр жөніндегі орынбасары.
1991-1994 жылдары Павлодар қаласы «Жасыбай» шағын кәсіпорнының директоры.
1994-1997 жылдары Павлодар қаласының «Канадия» фирмасы ЖШС нің коммерциялық директоры.
1997 жылы Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және мәдени-әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.
1997- 1998 жылдары «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалы Баянауыл аудандық бөлімшесінің бас маманы, 1998- 2002 жылдары аталған мекеменің бастығы.
2002-2004 жылдары Павлодар қаласы «Трансстрой» ААҚ конкурстық басқарушысы.
2005-2008 жылдары Баянауыл ауданы әкімінің көмекшісі.
2008-2009 жылдары Баянауыл ауылдық округінің әкімі.
2009 жылы Баянауыл ауданы әкімінің көмекшісі.
2009-2021 жылдары аралығында Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2021 жылғы 29 шілдеден бастап осы уақытта академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы.