Ереже

Павлодар облысы                             

                   қаржы басқармасының

           2019 жылғы  «___»________

                   № ____бұйрығымен

                       бекітілген

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы мәдениет,тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасының «Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) тікелей басқару құқығындағы ұйымдастыру өз қызметін мәдениет саласында іске асырады.

2. Кәсіпорын еңбекшілер депутаттары Павлодар облыстық советі атқару комитетінің 1967 жылғы 13 мамырдағы № 226/8 «Баянауылда Сәтбаев атындағы музей ашу туралы» шешіміне сәйкес құрылған. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегіі «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласындағы кейбір мәселелері туралы» № 235/2 қаулысына сәйкес қайта аталды.

3. Жергілікті атқарушы орган- Павлодар облысының әкімдігі кәсіпорынның құрылтайшысы болып саналады.

4. Кәсіпорының мүлкіне байланысты Мемлекеттік коммуналдық меншік субъектік құқығын жергілікті атқарушы орган - Павлодар облысы әкімдігі іске асырады.

5. Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы кәсіпорынның басқаруды іске асыруды орган ( бұдан әрі-Басқару органы) болып табылады.

6. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тіліндегі атауы: Коммунальное государственное казенное предприятие «Баянаульский мемориальный музей академика К.И. Сатпаева» управления культуры, развития языков и архивного дела Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

7. Кәсіпорынның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 38.

2-тарау. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

8. Кәсіпорын мемелекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып саналады және заңды тұлға құқығын алады.

9. Кәсіпорының өздік балансы, заңнамаға сәйкес банктарда есепшоты, бланктары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ел таңбасы бейнеленген және кәсіпорыны атауы жазылған мөрі бар.

10. Кәсіпорын басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Қәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

11. Кәсіпорының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілірне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе басқадай тіркеуге жататын азаматтық- құқылық келісімдері, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актіларында басқаша көрсетілмеген болса, тіркелген сәтінен бастап жасалған болып саналады.

3-тарау. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалған мәні мен мақсаттарына сәйкес мәдениет және өнер саласындағы жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру және тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз ету Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:

1) Академик К.И.Сәтбаевтың, философ М.Ж.Көпеевтің, ақын С.Торайғыровтың тарихи-мәдени және ғылыми мұрасын сақтау, олардың еңбегін насихаттап, тарату;

2) облыстың мәдениет саласының Отандық өніміне қажеттіліктін өсуін ынталандыру;

3) тарихи-мәдени мұраға еркін қол жетерлікті қамтамасыз ету;

14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іс жүзіне асыру мақсатында төмендегі қызметтерді іске асырады:

1) Павлодар облысының аумағын мекендейтін халықтардың рухани және моральдық әлеуетінің дамуына ықпал ету;

2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тарту арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбие беруге жағдай жасау;

3) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

4) облыстық мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіптік білімдері деңгейінің артуына жағдай жасау;

5) Кәсіпорын қорын Қ.И.Сәтбаевтың, М.Ж.Көпеевтың, С.Торайғыровтың мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармаларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ғылыми, тарихи-көркем және мұражайлық құндылықөқа ие коллекциялар немесе жекелеген заттарпдың, сол сияқты құнды дүниелердің есебінен жасақтап, толықтыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, музей қорларындағы сақталу және есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жан-жақты пайдалануға жағдай жасау;

7) кәсіпорын қорымен таныстыруға бағытталған және оларды ғылыми айналымға енгізуге ықпал ететін іс- шаралар, ашық қор, қор материалдары бойынша кеңестер мен арнайы сабақтар өткізу, анықтамалық картотекалар, жинақтар жасау, музейтану және өнертану саласында ғылыми- әдістемелік әдебиеттер, монографиялар шығару, ұйымдастыру және өткізу;

8) кәсіпорынның бағытына сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштер мен заттарды айқындау және зерттеу мақсатында экспедициялар мен іссапарлар ұйымдастыру;

9) экспозициялар, көрмелер, қор коллекцияларын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, конкурстар, экскурсиялар, лекциялар, кеңестер, тақырыптық кештер мен кездесулер ұйымдастыру;

10) қызығушылық танытқан ұйымдарға музей жұмыстары мәселелері бойынша ғылыми- әдістемелік, тәжірибелік және кеңестік көмек көрсету, Кәсіпорын қорын ғылыми, библиографиялық, анықтамалық әдебиеттермен, мерзімдік, әдістемелік және кеңінен таралған басылымдармен толықтыру.

15. Кәсіпорын осы жарғыда бекітілмеген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жатпайтын қызметтерде іске асыруға, сондай-ақ келісім жасауға құқылы емес.

16. Кәсіпорын қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті жергілікті атқару органның талабы бойынша, Кәсіпорынды басқаратын органның, атқару органның, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік ететін уәкілімен не болмаса прокурормен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17.Кәсіпорынның Жарғысында көрсетілмеген қызметті жүзеге асыруға бағытталған басшының іс-әрекеті еңбек міндетін бұзушылық болып табылады және тәртіптік және матермиалдық жауапкершілік шараларын қолдануға соқтырады.

4-тарау. Кәсіпорынды басқару

18. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

2) Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік жасауға өкілетті атқарушы органды соған өкілетті етеді;

3) Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітіп береді;

4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілділіктер құруына келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, соның ішінде оны кепілдікке беру, жалға беру, ақысыз пайдалану және сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

6) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасның өзге заңнамасымен жүктелген басқа өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

19. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте төмендегі функцияларды жүзеге асырады:

1) Ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселесі жөнінде актілерді дайындап, олардың өткеруін қамтамасыз етеді;

2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізеді;

3) Кәсіпорынның Жарғысын бекітуге ұсынады, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болады;

4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметтің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызмет) көлемін анықтайды;

5) Кәсіпорынның даму жоспарын және оның орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келісіп, бекітеді;

6) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылап, талдау жасайды;

7) Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітіп беру жөнінде ұсыныс енгізеді;

8) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілділіктер құруына ұсыныс енгізеді;

9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге өкілетті атқарушы органға Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға, соның ішінде оны кепілдікке салуға, жалға беруге, тегін пайдалануға және сенімді басқаруға беру жөнінде ұсыныс енгізеді;

10) Кәсіпорынның мүлкінің пайдаланылып, сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

11) Кәсіпорынның мүлкінің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

12) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасымен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Басқару органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынасын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау арқылы рәсімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шарттармен қоса Кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке дер мезгілінде аудармағаны үшін жауапкершілігі белгіленеді.

21. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі және мүліктің сақталуы үшін дербес жауап береді.

22. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдастыру үшін дербес жауап береді.

23. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңанамасында және осы Жарғыда белгіленген құзыретіне сәйкес Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін жеке басшылық принципінде өзі шешеді.

24. Кәсіпорын басшысы:

1) барлық органдарда сенімхатсыз Кәсіпорын атынан қызмет істеп, оның мүддесін қорғайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте Кәсіпорынның мүлкіне иелік етеді;

3) шарттар мен өзге келісімдер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банк есепшоттарын ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдайды және Кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек шартын бұзады, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Жарғыда өзгеше көзделмесе оларға ынталандыру және жазалау шараларын қолданады.

Басшының ұсынысымен Басқару органы лауазымға тағайындап немесе босататын кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;

8) Басқару органына өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату үшін кандидатураларды ұсынады;

9) өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

10) Басқару органының келісімімен Кәсіпорынның филиалдары мен өкілділіктерінің директорларын лауазымдарға тағайындайды және босатады;

11) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілділіктері туралы ережені бекітеді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.

25. Кәсіпорын мен жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

26. Кәсіпорын арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

5-тарау. Кәсіпорынның мүлкі

27. Кәсіпорынның мүлкін Кәсіпорынның құны балансында көрсетілген активтері құрайды.

28. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталға қатысу үлесі, пайлар) бойынша, соның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге жатпайды.

29. Кәсіпорынның мүлкі:

1) меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметінің нәтижесінде алынған мүліктің (ақшалай табысты қоса есептегенде);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздердің есебінен жасақталады.

30. Кәсіпорынның иелігінде не жарғылық мақсатында көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік, не осы қызметтің жемісі болып табылатын мүлік қана болады.

31. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе осы зат құқығының табиғатына жат болмаса, меншіктік құқықты алу және тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайда және тәртіпте жүзеге асырылады.

32. Жедел басқару иелігіндегі мүлікті пайдаланудан түскен табыстар, өнімдер, жемістер, сол сияқты Кәсіпорын шарт бойынша немесе өзге негізде алған мүлік Кәсіпорынның жедел басқаруына меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте түседі.

33. Басқару органы Кәсіпорынға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке қатысты жедел басқару құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорында мүліктің оның балансында бекітілген сәтінде туады.

34. Кәсіпорынның негізгі қаражатқа жататын мүлікті сату – сатып алу шартарының, айырбастау, сыйлау негізінде оқшауландыруға құқығы жоқ.

35. Кәсіпорынның мүлікті жедел басқару құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249 бабында көзделген негізде және тәртіпте, сол сияқты осы Жарғының 38,39 тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

36. Осы Жарғының 37 тармағында көзделген жедел басқару құқығын тоқтатудың жалпы негіздерімен қоса жедел басқару құқығы меншік иесінің шешімімен мүлік Кәсіпорыннан заңды түрде алынған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алу жағдайларына:

- жедел басқару құқығында Кәсіпорынның жарғылық қызмет мақсаттарына сәйкеспейтін мүлікті;

- басы артық, пайдаланылмайтын немесе мүліктің өз мәніне келмейтін мақсатта пайдаланылып жүрген мүлікті алу жатады.

37. Қазақстан Республикасының заңдармен өзгеше белгіленбесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге өкілетті атқарушы орган) Басқару органының келісімімен Кәсіпорынға бекітіліп берілген (жедел басқару құқығында) мүлікті алуға немесе оны өзі құрған басқа заңды тұлғаларға таратып беруге құқылы.

38. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алу туралы шешімінде жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге өкілетті атқарушы орган) Кәсіпорын үшін жедел басқару құқығында алынған мүлікті басқа тұлғаға бергенге дейін ұстап сақтау мерзімін белгілеуге құқылы.

39. Кәсіпорын осы Жарғының 34 тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте өзіне бекітіліп берілген негізгі қаражатқа жататын мүлікті оқшаулауды немесе басқаша тәсілмен иелік жасауды, басқаға беруді және дебиторлық несиені есептен шығаруды жергілікті атқару органының жазбаша келісімімен ғана жүзеге асыруға құқылы.

40. Кәсіпорын негізгі қаражатқа жатпайтын, өзіне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымалы мүлікке өз бетінше иелік қыла алады.

6-тарау. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

41. Кәсіпорынның қызметі өз табысының және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте алынған бюджет қаржыларының есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорын корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударады.

42. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді өзі өткереді.

43. Кәсіпорын өндіретін және өткеретін тауарлардың (жұмыс, қызмет) бағасын Басқару органы белгілейді.

44. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызмет жасаудан алынған табыстары, сол сияқты бюджеттен қаржыландыру есебінен жасалған тауарлардың (жұмыс, қызмет) белгіленген өткеру бағаларын жоғарлату салдарынан алынған табыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бюджетке алуға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есептің ережелері бойынша тиісінше көрсетілмей пайдалану жағдайында ол да алынуға жатады.

7-тарау. Кәсіпорынның Жарғылық капиталы

45. Кәсіпорынның Жарғылық капиталы Жарғылық қызметі жүзеге асыру үшін меншік иесінен басқаруға алынған мүліктен жасақталады.

8-тарау. Кәсіпорынның есебі және есептілігі

46. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің басқару органының келісімі бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

47. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептемесіне бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба кіреді.

9-тарау. Кәсіпорынның жауапкершілігі

48. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшалармен жауап береді. Ақша жетіспегенде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікті тиісті бюджеттің қаржыларымен әкімшілік – аумақтық бірлік алады.

10-тарау. Еңбек ұжымымен арақатынас

49. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы арақатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

50. Кәсіпорын жұмысының режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы болмауға тиіс.

11-тарау. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу

51.Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді

12-тарау. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

52. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімімен жүргізіледі.

Кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде қарастырылған басқа негіздерде де таратылуы мүмкін.

53. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру мен таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

54.Таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талабы қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Кәсіпорынның мүлкін өткеру нәтижесінде алынған қаржыларды қоса есептегенде таратылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

13-тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

55. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органы енгізеді немесе бұған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге өкілетті атқарушы органды өкілетті етеді.

 

Басшы Б.К. Тогжигитова ______________

(толық аты жөні) қолы