1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кездерде еліміздің пана іздеп келген өзге ұлттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді.Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді.Бүгін еліміздің 156 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.

Қазақстан тарихының едәуір бөлігі - оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта әртүрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі –әсте де тың құбылыс емес. Бұл ретте Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардың жалғасын тауып, сабақтасып келеді.

Бүгін әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң¬ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам¬қорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып¬тас¬тыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқық¬тық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.

Көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер- Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусәр бұлағы болары анық.