1 наурыз - барша этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн.
1 наурыз - барша этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн.
Қазақстан тарихының едәуір бөлігі- оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта әртүрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі –әсте де тың құбылыс емес. Бұл ретте Қазақстанның көп ұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардың жалғасын тауып, сабақтасып келеді. Еліміздің жаңа ХХІ ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына –ұлтаралық татулықты, конфессияаларық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді-қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметі артып отыр.
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени саласын одан әрі дамытуға, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.