18 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ!
Құрметті музей қызметкерлері! Баршаңызды 18 мамыр – Халықаралық музейлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер - бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады.
Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихының мәртебесін көтеру жолында қажырлы қызмет етіп жатқан музейлер ұжымдарына төл мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, әрқашанда игі бастамаларыңызға сәттілік, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілектестігімізді білдіреміз!