1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл әкімшілік солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл әкімшілік солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Баянауылдың Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде желтоқсан оқиғасының куәгері Б.Альпаттинмен, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарының қатысуымен еске алу кеші болды.
Кеш барысында желтоқсан оқиғасы жайында оқушылар көрініс көрсетіп, өз шығармаларынан тәуелсіздік күніне арнаған жырларынан шашу шашты. Кеш қонақтары музей қызметкерлерімен бірге И.Ескендірдің әні мен сөзіне жазылған " Көк тудың желбірегені" әнін бірге орындады. Сан мың жылдар бойы ата - баба аңсаған, кешегі дүниені дүр сілкіндірген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып, ұрпағымыздың жарқын болашағына жол ашқан Желтоқсан оқиғасымен айшықталған төл мерекеміз Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын!!!