2021 жылдың 9 ақпанында барша қазақ халқына танымал ақын Мұқағали Мақатаев 90 жасқа толар еді.
2021 жылдың 9 ақпанында барша қазақ халқына танымал ақын Мұқағали Мақатаев 90 жасқа толар еді. Ғұмыры қысқа болса да, шығармашылық жолы жарқын болған ақиық ақынның шығармашылық жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатымен бірлескен «ZOOM» платформасында онлайн түрде «Мұқағалидың мұрасы, дәстүрі және оның жалғасы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Кеш барысында музейдің бұқаралық жұмысты ұйымдастыру жөнінде нұсқаушысы Ж.Мусабаева ақынның өмірі жайлы тоқталса, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Т.Сакенова Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиеті мен поэзиясында алар орны туралы айтты. 11 «А» сынып оқушылары — Абдығомар Дариға, Ахмет Ержігіт, Еркен Аяна Мұқағали Мақатаевтың жыр шумақтарын жатқа айтса, 10 «А» сынып оқушысы Балғабай Нұрдаулет «Поэзия» өлеңін мәнерлеп оқыды. Музейдің ұжымы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы мен оқушыларына әдеби-сазды кешке белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіреді.