Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейін қазақстандық азаматтармен қатар
Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейін қазақстандық азаматтармен қатар шет ел қонақтары да тамашалайды. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызмет ететін Кения елінен келген Laban Nyandega Onsomu академиктің музейін тамашалап, ғалымның дара жолымен танысты.
Мол мағлұматқа ие болған шетелдік қонақ өз сөзінде: «Музей ұжымы бізді жақсы қарсы алып, қазақ мәдениетінің тарихын баяндаумен және практикалық тарихымен қызықтырды. Үлгілі мүсіндер қазақтың бай мәдениетінің нағыз көрінісі болды», —деді.