Академик Қаныш Сәтбаевтың ең ірі жобасы «Ертіс-Қарағанды» каналы

Академик Қаныш Сәтбаевтың ең ірі жобасы «Ертіс-Қарағанды» каналы. Сәтбаев 1958-1959 жылдары өзі кәміл сенген істі, Ертіс суын Сарыарқа жонына көтеру жобасын екінші мәрте қозғап, кешенді істің Кеңес үкіметінің жетіжылдық жоспарына енуіне мұрындық болған. Бірақ жобаның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылғы желтоқсан айында бірінші кезегі аяқталып, Ертіс суы Екібастұзды жанамалай, 475 метр өрдегі Қарағанды мен Теміртау қалаларына жетті. Содан беріде Орталық Қазақстан алқабы иен суға шаш-етектен кенелді. Осы жұмыстың басында жанқиярлық еңбегін сарп еткен қазақтың Қанышы болатын.

Ғұлама ғалым, академик Қаныш әкесі Имантайдың кіші жарынан туған. Бәйбішесі Нұрым Тасболатқызымен ширек ғасырға жуық тату-тәтті отасқанымен, орталарында бала болмапты. Нұрым бір қыз туған екен, оның өзі де жастай шетінеп кетіпті. Бір қызығы, Имантайдың бәйбішесі күйеуінің төсек жаңғыртуына қарсы болмай, кіші жарды өзі таңдап берген. Бәйбішенің таңдауы отыздан асқан Әлимаға түскен. Әлима – әйгілі Мұса Шорман әулетінің келіні болған, жасынан жесір қалған.

Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазақстанның жерасты қазба байлығының картасын жасаған кезде Қаныш Сәтбаев төрт-бес ірі кенішті картаға кіргізбейді. «Бұл қалай?» деген орыс ғалымдарына: «Ондағы рудалар өте тереңде. Қаржыны да, теxниканы да көп қажет етеді. Сондықтан бұл жерді картаға кіргізуге әлі ерте», – дейді. Ал өзімен сырлас, сыртқа сыр шашпайтын достары Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұланға: «Әдейі жасырып алып қалдым. Кейінгі ұрпаққа да байлық керек шығар!» – деген деседі. #ҚанышСәтбаев