Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі
Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, тарих ғылымында доктор атағына тұңғыш ие болған азамат, профессор Қазақстан ҒА ның корреспондент мүшесі Е Бекмахановтың туғанына 105 жыл толуына орай өмірі мен қызмет орындары туралы рухани білім беру, қазақ тарихының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу мақсатында аудандағы тарих пәні мұғалімдері арасында " Тарих тағылымы" атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында тарихшы ғалымның көзі тірісінде қолданған жеке заттары (кесе, тарелка, шоң кесе) мен кітаптары, ғалымның ұстаған чемоданы, жазу машинкасы көрмеге қойылды.
Кенесары хан мен Е.Бекмаханов туралы деректі фильмнен бастау алған танымдық кеш тарихшының тарихи құнды еңбектерінен аудан тарихшыларына сұрақтар қою арқылы жалғасын тапты. Ауданның тарихшы Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ нің тарих пәнінің мұғалімі Бажиков Дархан Кәкімұлы дайындаған "Ғалым жайлы монологы" мен аталған мектептің 8 сынып оқушысы Кәкім Ескендірдің орындауында "Ғалымға арнау" көпшілік назарына ұсынылды. Е. Бекмаханов атындағы ЖОББМнің ұжымына танымдық кешке өзіндік үлес қосқаны үшін "Алғыс хат" табыс етілді.