Ақсу қаласындағы "Ферроқорытпа" зауыты кәсіпорнында талай жылдар тынымсыз еңбек етіп
Ақсу қаласындағы "Ферроқорытпа" зауыты кәсіпорнында талай жылдар тынымсыз еңбек етіп, бүгінде зауыттың ардагер зейнеткерлері Баянауыл аумағындағы "Факель" демалыс үйінде демалуда. Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде қонақта болған ардагерлер Академиктің ғылым жолында атқарған өмірінің кезеңді белестеріне қызығушылық танытып ұзақ тыңдады.
Экспозиция залына саяхат жасаған ардагерлер ғалымның халқына берген өлшеусіз еңбегі мен мағыналы өмірін бейнелейтін жәдігерлерге сүйсіне ұзақ қарады. Баянауылдың сұлу да көрікті табиғатын тамашалауға келетін демалушылар Баянауыл музейін аттап өткен емес. Міндетті түрде келіп Ғалымның еңбегі мен өмірінен тың мағлұматтар алып отырады.