Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Академик Евней Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығымен Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында ұйымдастырылып отырған Геология-минералогия және тарих бағыты бойынша еркін тақырыпта республикалық ғылыми жоба сайысының қорытындысы және республикалық онлайн ZOOM платформасы арқылы конференция өтті.
Жоба қорытындысы бойынша Павлодар облысы, Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Толеутай Айтуар бас жүлде, І орын Екібастұз қаласы №26 гимназия мектебінің 9 сынып оқушысы Балташ Темірхан, «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№18 жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушылары Әбдікәрім Әмина және Бейсембек Әмина ІІ орын иеленсе, Ақтоғай ауданы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебінің 8 сынып оқушысы Съез Шұғыла, Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Болат Алтынай және Ақсу қаласы Ақсу кентінің Шүлембаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Олжатаева Аружан ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы номинациясымен «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №26 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Жангозина Жания, және «Қ.Сәтбаев» номинациясымен «Баянауыл ауданы №2 Майқайын жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Салтанатова Гулдарига иеленді.