БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША МУЗЕЙ ІСІНІҢ ЖАС МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН «МУЗЕЙ ІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аймақтық музейлерінің қызметкерлерінің қатысуымен «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША МУЗЕЙ ІСІНІҢ ЖАС МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН «МУЗЕЙ ІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ» тақырыбында өткен семинарға академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музей қызметкерлері қатысты.
Семинардың мақсаты: Музей қызметкерлерінің кəсіби біліктілігін арттыру. Музей саласындағы тиімді қызмет атқару үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, жетілдіру жəне жаңа кəсіби білім алу.