Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні!
Денсаулық - кез келген адам үшін басты құндылық.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына орай 7 сәуірде
Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтіледі.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Әр адам өз денсаулығын жастайынан сақтауы тиіс, денісау адам салауатты халықтың айнасы іспетті.
Осыған орай музей қабырғасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Әлемдік денсаулық күніне арнап «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» атты танымдық сағаты жүргізілді.
Шара барысында қазіргі таңдағы орын алған індет дайлы, одан қорғану жолдары; жалпы жеке адамның тазалығы, дұрыс тамақтануы және жаман әдеттерден алыс болуы, спортқа жақын болуы жайлы мәлімет берілді. Пайдалы және пайдасыз тағамдар мен дұрыс және кері әрекеттер (телефон, планшетте көп отыру, далада серуендеу, доп ойнау т.б.) жайлы слайд көрсетілді. Адам өмірінде денсаулықтың өте маңызды екендігін түсіндірілді. Жаттығу жұмыстары жасалды.