Бүгін - Геолог күні!

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Сәтбаев – қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама.

Қаныш Имантайұлы геологиялық-барлау жұмыстарымен ғана шектелмей, геология ғылымының барлық саласы бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа технологияны пайдалана отырып, ғылым мен нақтылы істің бірлігін ұштастырып, сан салалы геологиялық қызмет жүйесінің негізін қалады. Қ.И.Сәтбаев — кен инженер-геологы ретінде тау-кен жұмысын да жақсы білетін, әртүрлі кен қазбасы жүйелерін мұқият зерттеген, жер жүзіндегі мысты алқаптардағы кеніштердің геологиясымен бірге кен қазу технологиясын да терең талдаған оқымысты.

1941 жылы Қ.И.Сәтбаев Алматыдағы Геологиялық ғыллыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. 1942 жылы Қ.И.Сәтбаев Жезқазғанға арналған ғылыми еңбегі үшін геология-минералогия ғылымдарының докторы атағына ие болды.Қ.И.Сәтбаевтың арқасында Қазақстан геологиясы өндірістік және іс жүзінде ғана қолданылатын ғылым өлшемі шеңберінен шығып, адамзаттың ой әлемін қозғайтын биік дәрежеге жетті. Сондықтан да оның жарқын бейнесін XX ғасырдың ойшыл ғұламаларының арасынан көреміз.