Даланың дара тұлғасы!
М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл (1866-1937) толуына орай «Даланың дара тұлғасы» көрмеcі өткізілді.
Аталмыш көрмеге Әлихан Бөкейхан туралы мағлұматтар қойылып, фото суреттер орналастырылған. Көрмені музей қызметкерлері мен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне зиарат етіп келген қонақтар тамашалады.