Құрметті әлеуметтік желідегі - достар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Академик Қ. И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тірегім. Қазақстан- жүрегім» атты өз туындысын ұсыну онлайн сайысына шақырамыз!

«Тәуелсіздік – тірегім. Қазақстан- жүрегім» атты суреттер сайысы байқауының жалпы ережелері, жас ұрпақты халықтық қолданбалы дәстүрі шығармашылығы негізінде өнерге тарту мақсатында өтеді.
Сайыс мазмұны мен шарттары.

1. Сайыс жұмысына қойылатын талаптар:
1.1. Тақырыпқа сай суреттер А4 форматты қағазда орындалуы тиіс (гуашь, акварель, графикалық материал).
1.2.Т.А.Ә.
2. Сайысқа қатысушылар:
1. Сайысқа қатысу үшін ауданымыздың 8-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
2. Бағалау критерийлері: - жұмыстардың сайыс тақырыбына сәйкестігі; -шығармашылық көзқарасы, жұмыстың бірегейлігі; - материалды ұсынудың эстетикалық мәдениеті.
Сайыстың негізгі мақсаты:
Жастарды қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, өз өлкесінің мәдени-тарихи өміріне деген сүйіспеншілік пен сыйластықты баулу, шығармашылық ойлау және қиялдарын дамыту; көркемдік-эстетикалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру; өнерде өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі білдіруге жағдай жасайтын ортаны құру.
Сайысқа қатысу талаптары:
@KanyshSatpaev парақшасына жазылу:
Инстаграмм парақшасына «Тәуелсіздік – тірегім. Қазақстан- жүрегім» сурет сайысына туындысын ұсынып @KanyshSatpaev парақшасына жіберу керек.
@KanyshSatpaev парақшасын белгілеу:
профиліңіз ашық болу керек.
Сайыс өткізу мерзімі: 04 желтоқсан - 14 желтоқсан 2020 ж.
Сайыс қорытындысы 19 желтоқсан 2020 ж.
Сайыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады:
✊✊✊Сәттілік!!!
☎️☎️☎️Анықтама телефоны: +77184091344,+7051782441, +87713135621
e-mail: bayan-muzei@mail.ru