Дүниежүзілік «TODISTUS OSAAMISES TA»

2020 жылдың желтоқсан айында, Ғылыми жұмыстар аясында, Мәшһүр Жүсіп музейіне, Дүниежүзілік «TODISTUS OSAAMISES TA» конкурсының бірінші кезеңінің жеңімпазы Аділханов Әмір Қайратұлы келіп, Әсет Пазыловпен кездесіп, сұхбат жүргізген болатын. Бүгінде ол 2021 жылдың ақпан айында «School Smart News» конкурсына қатысып, арнайы сертификатқа қол жеткізген.

Екібастұз қаласының №6 лицейінің 6 «А» сынып оқушысына Әсет Пазыловтың «Степной провидец Машхур Жусуп» және «Мәшһүр Жүсіп мұрасы» атты 2 кітабы сыйға берілді. Кездесу барысында Әмірдің ғылыми жетекшісі Гүлнар Айтымовна зерттеу жұмысы барысында пайда болған мәселелерін ортаға салып, кеңес алды.