Ертіс өңірінің тарихи орындарына экспедиция
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылыққа байланысты Павлодар облысының Қазақстан Халықтар Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері Ертіс өңірінің, соның ішінде Баянауыл ауданының тарихи орындарына экспедиция жұмыстарын жүргізді.
Этнографиялық материалдар жинау (жергілікті өлкетанушылармен және ақсақалдармен, репрессияның құрбаны болған ұрпақтармен кездесу) мақсатында ақын-жазушы, ардагер ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар облысының және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы - Зекебай Солтанбайұлы және Қазақстан Республикасының Үздік өлкетанушысы - Алтынбек Құрмановтан мағлұмат алынып, академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде «Ұрпақтар жады» атты брифинг өтті. Жұмыс сапары ашаршылық құрбандарына тағзым етумен аяқталды.