М.Ж.Көпеев мемориалдық музейіне Қазақстандық режиссер, продюсер және актер Нұртас Адамбай келіп

М.Ж.Көпеев мемориалдық музейіне Қазақстандық режиссер, продюсер және актер Нұртас Адамбай келіп, ұлы ғұлама, ақын, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларымен танысты. Музей қызметкері Әсет Пазылов әулиенің заттарымен таныстырып, естелікке екі кітапты сыйға тарты.

Нұртас Абайұлы Адамбаев 1981 жылғы 14 желтоқсанда Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген.
Қазақстанның танымал комедия актёрі, шоумен, режиссёр, продюсер және сценаристі. КВН-ның жоғарғы лигасында «Астана.kz» ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен. «ҚызыҚ радиосы» және «Наша KZаша» атты скетчкомдарда түскен. 2015 жылы "Халықтың сүйіктісі" атты Ұлттык премия лауреатына ие болды