М.Ж.Көпеев жырлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
М.Ж.Көпеев жырлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде елімізде көптеген ауқымды іс шаралар аталып өтуде. Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде «Түнгі музей» акциясы аясында Ескелді шатқалында Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналған «Мәшһүр Жүсіп жырлары» атты оқушылар арасында байқау өтті.
М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің меңгерушісі Қ.Пазылов байқауға қатысушыларды музей экспонаттарымен таныстырып, бабамыздың артында қалған рухани азығы мол мұраларымен бөлісті. Шараны Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музей басшысы Б.К.Тоғжігітова кіріспе сөзбен ашып,халқымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеп, насихаттау барысында «Музей түні» акциясының эстафетасын Бұқар жырау тарихи – өлкетану мұражайынан Баянауыл ауданы мемориалдық музейінің қабылдап отырғандығын атап өтті.
Бүгінгі іс шараның мақсаты «М.Ж.Көпеевтің жырлары» деген атаумен ақын, шежіреші, халқымыздың ауыз әдебиетін жинақтауға өлшеусіз үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жырларына арналып отырғандығын айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мәшһүр бабамыздың тікелей өзінің ұрпағы Қ.Пазылов сөз алып, атамыздың кемеңгерлігі мен білімділігі, көріпкелділігі жайында өскелең ұрпаққа өсиеттерін насихаттады. Байқаудың бағдарламасы бойынша қазылар алқасының мүшелері таныстырылып, мектеп білім алушылары Мәшһүр атамыздың жырларын жатқа айтумен жалғасын тапты. Жаңажол ауылындағы М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ нен, Баянауыл ауылы Ш.Айманов атындағы ЖОББМ интернатынан, Лекер ауылы Лекер негізгі орта мектебінен оқушылар қатысты.
Оқушылардың байқау ережесі бойынша тапсырмада берілген М.Ж.Көпеевтің 8 жырын тыңдай отырып, әділқазылар қосымша сұрақтарын қойды. Нәтиже бойынша І дәрежелі дипломмен Лекер негізгі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қуан Ақжол, ІІ дәрежелі дипломмен Ш.Айманов атындағы ЖОББМ интернатының 5 сынып оқушысы Баршынбаев Мейіржан, ІІІ дәрежелі дипломмен М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ нен Исабек Нұралы марапатталды. Қатысқан барлық оқушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.