Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен

Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен, Мәшһүр Жүсіп атындағы қазақ орта мектебінің 6-10 сыныптар аралығында ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Мәшһүр Жүсіп ғибраты» тақырыбында сайыс өткізілді.

Шараның мақсаты мектеп оқушылары арасында ақын, ғұлама ғалым, этнограф, тарихшы, көріпкел әулие Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке, өнерге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, орындаушылық шеберліктерін шыңдау және сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.
Жеңімпаздар:
- Бас жүлде – Исабек Нұралы 6-сынып оқушысы Мәшһүр Жүсіптің: «Балалар оқу оқып білім алайық» өлеңі.

- І орын – Ескермес Қызылқат 9-сынып оқушысы Мәшһүр Жүсіптің: «Абылай хан» өлеңі.

- ІІ орын – Қасым Нарғыз 10-сынып оқушысы Мәшһүр Жүсіптің: «Нәпсі аждаха» өлеңі.

- ІІІ орын – Лаура Тұранәлі 10-сынып оқушысы Мәшһүр Жүсіптің: «Ағайын» өлеңі. Ахмет Наргиз 10-сынып оқушысы Мәшһүр Жүсіптің: «Мәшһүр Жүсіптің өзін таныстыруы» өлеңі.

#Тәуелсіздікке_30_жыл
#МәшһүрЖүсіпКөпеев