Мәшһүр Жүсіп мемориалдық музейіне Қазақстан Республикасының цифрлық даму
Мәшһүр Жүсіп мемориалдық музейіне Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келіп, ақын, философ, тарихшы М.Ж.Көпеевтің ғұмырнамасымен танысты. Экскурсия барысында музей меңгерушісі Пазылов Қажмұқан музей қорында сақталған ақынның өзі қолданған жеке заттарымен және еңбектерімен таныстырды.
Кездесу соңында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Қуандықұлы Байханов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусинге Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 20 томдық шығармалар жинағы мен М.Ж.Көпеевтің мемориалдық музейінің экскурсоводы Әсет Пазыловтың «Степной правидец Машхур Жусуп» кітабын сыйға тартты.