Наурызнама кітабы

Ұлы ойшыл, этнограф, тарихшы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы наурыз мерекесінің тарихы мен болмысы туралы өзінің «Наурызнама» деген шығармасында тың деректер келтіре отырып жазған. Мәшһүр Жүсіп «Наурыздың» қазақ арасында ертеден келе жатқан мейрам екенін әрі оның ұлыстың ұлы күн деп аталуының өзі көне замандардан бастау алатынын меңзейді.

Сонымен бірге аталмыш мерекенің шежіресін сонау Нұх пайғамбардың заманынан бастау алады деп, қызықты деректер келтіреді. Мәшһүр Жүсіптің «Наурызнама» кітабын Сәрсенбі Дәуітов 1993 жылы Алматыда «Жалын» баспасынан шығарған болатын.