Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесімен кездесу өтті
Бүгін академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде Баянауыл ауданына ресми жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Сенатының депутаттары — «Nur Otan» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы және химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Алтынбек Нухұлымен кездесу өтті.
Жиынға Баянауыл ауданынының Құрметті азаматтары, зейнеткерлер, облыстық және аудандық мәслихат депуттары, құқық қорғау саласының өкілдері, мекеме, бөлім және ірі кәсіпорын басшылары, ауданның белсенді азаматтары қатысты.