Режиссер, актер, драматург, профессор Кәукен Кенжетаев
Кәукен Кенжетаев 1916 жылы 25 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Торайғыр көлінің жағалауында киелі Айман бұлақ деген жерде туған. Азан шақырып қойған шын аты – Әбдірахым.
Жер мен ел – егіз. Жер тарихы – ел тарихы. Баянаула баурайында өнер мен ғылым саласында әрқайсысы бірін-бірі қайталамайтын қасиеті жандар есімі көптеп саналады. Өнер – адамның шығармашылығын биікке жетелейтін, армандарын қанаттандыратын белес.
Баршамызға мәлім, Айман әулетінің құдіреті – ол әлемге тас тұлғалар, қазақ киносы мен театрының төрінен орын алған жарқын қос шоқ жұлдыздардың Шәкен мен Кәукен ағаларымыздың дүниеге келуі. Кәукен Кенжетаев жеті өнерді бойына жиған шынайы талант иесі. Ол - қазақтың опералық әншісі, режиссер, актер, драматург, профессор.