Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде
Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде, 100 жаңа оқулық бағыты бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Павлодар облысының 100 тарихи тұлғалары» айдары негізінде Мәшһүр Жүсіп музейінің қызметкері Әсет Пазыловтың кітаптары сыйға тартылып, көрмеге қойылды.
- «Степной правидец Машхур Жусуп» 5 кітап. Павлодар – 2020 год.
- «Алты алашқа жайылып кеткен атым» 5 кітап. Павлодар – 2021 жыл.
- «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұрасы» 2 кітап. Екібастұз «PrimaLux» баспаханасы, 2010-жыл.
Өлкетану және цифрлық технолгогялар бөлімінің басшысы Таженова Марал Аблайханқызы кітаптарды қабылдап, өз алғысын білдірді.