Саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Биахметұлы Саиров

Саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Биахметұлы Саиров үстіміздегі жылдың қарашасында Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейіне ат басын тіреп, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі, М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің экскурсоводы Әсет Пазыловпен кездесті.

Әр жылдары ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде басшылық лауазымдарды атқарған. «Мәдени даму институты» қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі.

Ерлан Саиров Нұр-Сұлтаннан Павлодарға бара жатқан жолынан арнайы ақын, философ, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы мағлұмат алды. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында төмендегі лебіздерін қалдырған.