Құрметті әлеуметтік желідегі (инста)-достар!
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығымен Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында Өлкетану және тарих бағыты бойынша еркін тақырыпта республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысуға шақырамыз
Республикалық ғылым жобаның мақсаты: білім алушылар мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелерінің нәтижелерін ұсыну және талқылау; жастардың ғылыми ой-өрісін қолдау және дамыту; білім алушылардың ғылыми қызметін жандандыру.жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсенділендіру, өлкетану және тарихи бағыт бойынша байланысын кеңейтуге жағдай жасау, өзекті ақпараттар алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін айқындау және дамыту.
Өлкетану және тарих бағыты бойынша еркін тақырыпта өтетін республикалық ғылыми жобалар сайысына мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттері қатыса алады.
Бірінші кезең: Өлкетану және тарих бағыты бойынша өтетін онлайн еркін тақырыпта республикалық ғылыми жобалардың материалдарын қабылдау 20 сәуір - 20 мамыр аралығы 2020 жыл. электрондық пошта : bayan-muzei@mail.ru
Екінші кезең: Іріктеуден өткен онлайн ғылыми жобаларды электронды поштаға bayan-muzei@mail.ru салу. Өлкетану және тарих бағыты бойынша өтетін онлайн еркін тақырыпта республикалық ғылыми жобаларды қорғау 18 маусым күні сағат 10:00-де. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау, 2020 жылдың 19 маусым күні сағат 17:00-де өтеді.
Сәттілік!!!
Анықтама телефоны: +77184091344,+7051782441, +87475015827
e-mail: bayan-muzei@mail.ru