СҮЙІНШІ! Әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұрпағының жеңісі
Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында «Рухани қазына 2020» атты республикалық фестивалінде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің филиалы М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің экскурсоводы Әсет Қажымұқанұлы Пазылов «Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері» номинациясында жеңімпаз атанды.