Сұлтанмахмұт Торайғыровтың замандастарының бірі Әшім Қарағизов

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың замандастарының бірі Әшім Қарағизов - үлгілі өмір кешкен, ел арасына есімі кең жайылған абырой иесі болатын. 1894 жылы ақпан ішінде туған, Шоң бидің үшінші ұлы Қиғараның төртінші ұрпағы. Жасында Сұлтанмахмұтпен бір кезеңде Баянауыл медресесінде оқыған, 1912-1923 жылдары Ақбеттау болысында, кейін ауылдық Кеңесте хатшы болды. 1926 жылдан 1962 жылға дейін сауда орындарында қызмет атқарған. Көпті көрген, көпті білетін жан еді.

Домбыра шертіп, ән салатын өнерлі жан, жасында Сұлтанмахмұттың біраз өлеңдерін әнге салып жүрген. Өзін ағайын тұттым, қамқор көріп, жақын жүруге тырысқан.

Сұлтанмахмұтқа орысша арыз жаздырта әрі көңілін сұрай баруы Әшім мен ақынның соңғы кедесуі болады. Ертеңгісінде арманын көкірегіне қысып қимас дос, замандас ақтық сапарға кете берді.