ХАБАРШЫ ЖУРНАЛЫНАН

Бүгін назарларыңызға хабаршы журналының 1945 жылғы мамыр-маусымдағы № 3 санында Ұлттық ғылым академиясының іргетасын қалаушы, академик Қ.И.Сәтбаевтың СССР ҒА - ның 220 жылдығына орай жазған мақаласын ұсынамыз.

Академик мақалада СССР ғылым академиясының шығу тарихына тоқталып, Ресейдің Петр бірінші патшасының тікелей ұйымдастыруымен алғаш құрылғанын тілге тиек етеді.

Академияның бірінші жылдарында-ақ математика, астрономия, механика, әдебиет т.б. салалар бойынша керемет жаңалықтар ашылды. Мемлекеттің территориясын жан-жақты зерттеу бойынша көптеген экспедициялар құрылып, үнемі даму үстінде болды.

Ғылым академиясының Кеңес одағы тұсында ілгері қадам басқаны айтылады.

Қаныш Имантайұлы өз сөзінде соғыс жылдарындағы қиындықтарға қарамастан одақтас республикаларда да ғылым академиялары ашылып жұмыс жасап жатқанын баяндайды.

Осының айғағы Қазақстан ғылым академиясы филиалының өсіп - өркендеуін айтуға болады. Оның құрамында 16 ғылыми-зерттеу институты және ондаған базалар мен секторларда 1000 нан аса қызметкерлер жұмыс жасайды. Қазақ филиалының жоғары мамандандырылған ғылыми қызметкерлер саны 500 адамды құрайды. Олардың ішінде 54 ғылым докторлары мен профессорлар, 130 астам қазақ ғылым кандидаттары мен доценттер жұмыс жасайды делінген.

Советтер Одағы ғылым академиясының қышқаша тарихы осындай еді.