Жазушы, ақын, драматург, аудармашы - Дихан Әбілев
Жазушы, ақын, драматург, аудармашы - Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жетіжылдық бастауыш мектепті бітірген.
1934-1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жас кезінен әрнәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған ақын. Дихан Әбілев туған ауылында, Қызылжар, Қарағанды, Алматы қалаларындағы мәдени-ағартушылық мекемелерінде, газет басқармаларында, Жазушылар одағында қызмет атқарды.
Оның «Қарулас достар», «Майра», «Біржан сал мен ақын Сара» пьесалары жазылған. Қазақ тіліне орыс, түрік, армян, шетел әдебиеттерін. Д. Әбілевтің шығармалары көптеген тілдеріне аударылды.