Жақан Сүлейменұлы Ержановтың ғылымы мен білімін өскелең ұрпаққа

Жақан Сүлейменұлы Ержановтың ғылымы мен білімін өскелең ұрпаққа, соның ішінде жерлестерге академиктің елінің дамуына қосқан зор үлесін таныту мақсатында Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен «Академиктің дара жолы» атты әңгіме-диалог өтті. Шараға аудан мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысып, белсенділік танытты.

Әңгіме-диалог барысында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахымтаев техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Жақан Сүлейменұлының өмірі мен ғылымға қосқан үлесіне тоқталды.