"Жеті қазына"
«Рухани жаң¬ғыру» бағдарламасын, оның ішін¬де «Ұлы даланың ежелгі өнер технологиялар музейі» арнайы жобасын жүзеге асыру жөнінде Абай Құанбаевтың 175 жылдығына орай Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде «Жеті қазына» атты ой-толғау, әңгіме кеші өтті. Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде 2020 жылы 26 мамырында сағат 11:00-де Рухан жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, ізгі қасиеттерімізді қайта түлету мақсатында ұйымдастырылған ой-толғауға Ұлттық ат спортын дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген кеш қонақтары:
• Жабай Жәнәбілұлы Мұсабаев - Бәйгілі Баянауыл Атбегілер қауымдастығының төрағасы, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы,
• Сартаев Орал Рахмашұлы - Облыстық мәслихаттың депутаты, ұлттық мұраларымызды насихаттайтын іс-шаралардың демеушісі,
• Иманзайып Тасыбаев, Бақытжан Жүнісов - Қыран құстың тілін білген, саятшыл құсбегілер, • Жапаров Асығат Мүбаракұлы- Балалар және жөсөспірімдер спорт мектебінің директоры, • Ауданның көкпаршылар командасы