«Бір балам бар өзімнен аса туған»

Мәшһүр Жүсіп ортаншы ұлы Мұхаммед Әменді: «Бір балам бар өзімнен аса туған» деп баға берген болатын. Осы орайда М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің экскурсоводы Асет Қажымұқанұлы Пазылов бүгінгі күні ақын М.Ж Көпеевтің ұлы Мұхаммед Әменнің Ташкент қаласында жұмыс атқарған №14 мектеп-интернатының орнын анықтап, мақалалары жарыққа шыққан «Ақ жол» газетінің мұрағатында болып, ақынның зиратын анықтау мақсатында Өзбекстан Республикасы, Ташкент, Бұхара қалаларына барып, Төле бидің зиратында, Көкілдаш медресесі мен Ташкент Республикалық архивінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде.