«Наурыз шапағаты»
Мәшһүр Жүсіп мемориалдық музейінің қызметкерлері Жаңажол ауылдық округінің көп балалы және жұмыспен қамтамасыз етілмеген жанұяларға «Наурыз шапағаты» айдарымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Наурыз мерекесі қарсаңында музейдің қызметкері Әсет Пазылов азық-түлік өнімдерін табыстап, сый жасады.