«Наурызда селт еткізіп ұйқы аштырған»

Мәшһүр Жүсіп музейінде «Наурызда селт еткізіп ұйқы аштырған» атты кітап көрмесі орналастырылды.
«Наурыз» мерекесінің шығу тарихы мен қазақ даласындағы орнын жамағатқа таныстыру мақсатындағы көрме Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнерін көпшілік қауымға насихаттайды #K.Satpaevmuzei