«Ою-өрнек, кілемдер әлемі»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» жобасы аясында «Ою-өрнек, кілемдер әлемі» тақырыбындағы тәрбие-тағылым, тәжірибе алмасу танымдық сағаты өтті. Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде 2020 жылдың 29 мамырында сағат 11:00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» жобасы аясында ою-өрнектердің түрлерімен, шығу тарихымен, мағынасымен таныстыру, ою-өрнек түрлерін түсіндіру, сырына терең мән беру арқылы шығармашылықты дамыту, халқымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған тәжірибе алмасу танымдық сағатына Торайғыр ауылының қолөнер шеберлері:
Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз – Жақыпова Шолпан Әбілқазықызы;
Рахымжанова Сәуле;
Білялова Оркен Сағынтайқызы;
С.Торайғыров атындағы ЖОББ мектебінің технология пәнінің мұғалімі Махамбетова Салтанат Рахымтайқызы;
Лекер қажы ауылының тұрғыны, қолөнер шебері Жайнагүл Төлеухан қатысты.