«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің жылдық жоспарына сәйкес ағымдығы жылдың 24 тамызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның қасиетті географиясы» бағыты бойынша «Алтын Орданың 750 жылдығы» қарсаңында «Сақ мұрасы- Баянауылда» атты экпедициялық – танымдық шара өтті. Экспедициялық – танымдық шараның мақсаты – Торайғыр көлінің жағасындағы Мұртты қорған мен тастағы белгі таңбалардың қалдығы орналасқан жерге саяхатқа барып, дала көшпенділерінің Сақ заманындағы «касиетті» орындар жиынтығы саналатын жерде Мұртты қорғандар мен тастағы белгі таңбалардың қалдығы жайлы мәлімет алу, ондағы белгілер мен жазулардың мәні мен тарихын тану.

Модераторлар:

Торайғыр ауылының өлкетанушысы – Жұмагелді Дүйсекеев

Павлодар қаласының «Margulan Centre» орталығының ғылыми қызметкері – Джалдоксимова Гүлзина Тұрарқызы.