Ғалым музейіне саяхат.
Ғалым музейіне саяхат. 2020 жылдың 8 қаңтар күні З. Ақышев атындағы #3 ЖОББМ нің бір топ бастауыш сынып оқушылары ұстаздарымен Қ.И.Сәтбаевтың музейінде болып, ондағы ғалым өміріне қатысты жәдігерлерді тамашалап ғұлама ғалым туралы бірқатар мәліметтермен танысты. Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қызметкерлері музейге келген мектеп оқушыларына тегін экскурсия жүргізді.