Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы экспозиция залының ашылуы
Қарағанды қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияда Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы экспозиция залының ашылу салтанаты өтті.
«ZOOM» платформасы арқылы өткен ашылу салтанатына «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ержан Нұрланұлы Нұрмағамбетов, Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің директоры Зейпін Зікірқызы Қазанбаева және Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы Бақыт Кенжеқайырқызы Тоғжігітова қатысып, экспозиция залының ашылуымен құттықтады.
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі Қарағанды қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясын @k.satpaev_38gim Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы экспозиция залының ашылуымен құттықтайды!