"Қазақ әлемі" атты шеберлік сағаты
«Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде «Қазақ әлемі» атты шеберлік сағаты өтті. Қазақтың дәстүрлі өнеріне ден қойып, қолөнер туындыларын қайта жаңғырту, өнердің қыр-сырын келер ұрпаққа үйрету мақсатында өткен шеберлік сағатын Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Айсұлтан Дәулетханұлы Ақын Ғафу Қайырбековтың «Шебер» өлеңімен бастады.
Шеберлік сағатында Қол өнердің қыр-сырын үйретіп жатқан білікті маман, Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің ұстазы Жетпісбаев Нұржан Елеуұлы, Баянауылдық зергер, ұста, қолөнерші Мақсұтбек Көпжасаров, Қыран құстың тілін білген, саятшыл құсбегі, шебер ұста Бақытжан Жүнісов, «Жас дәурен» оқыту-сауықтыру орталығының ұстазы Айбек Молдабеков қолөнердің сан түрлі қырларын балаларға көрсетіп,қызығушылықтарын дамытты.
Шеберлік сағатқа қонақ болған Баянауылдық шежіреші,өлкетанушы Рамазан Дінісұлы Нұрғалиев қазақтың қолөнерін дамыту туралы өз ойымен бөлісіп,болашақта балалардың рухани дамуына пайдалы шаралардың көп болуына тілектестігін білдірді.