Қазақстанның халық жазушысы, заманымыздың заңғар тұлғасы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып
Қазақстанның халық жазушысы, заманымыздың заңғар тұлғасы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру мақсатында Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде тарихшылар мен қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздарымен кездесу өтті.
"Тарихтың алтын арқауы" бөлімімен бастау алған кешіміз Ә.Кекілбаевтың ғұмырынан үзінді фильм көрсетіліп, кеш қонақтарының ғалым туралы естеліктерін шертумен жалғасын тапты. Кештің қадірлі қонағы Қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Павлодар облысының және Ертіс, Баянауыл аудандарының Құрметті азаматы Қ.Ш.Шәкіров сөз алып, халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен елге сіңірген еңбегі жайында, айтып өтті.
Тұғырлы ұлы тұлға Әбіш аға тамырын тереңге жайған алып бәйтерек. Ұлы тұлғаның еңбектері сан мыңдаған жылдар бойы мәдениетімізге, ұлтымызға рухани азық болары сөзсіз. Осындай ірі тұлғалы Әбіш Кекілбаевтың Павлодар өлкесінің сұлу да көрікті Баянауыл жеріне сіңірген еңбегі аудан азаматтарының есінде мәңгі сақталады.