Қоғам қайраткері, жазушы, публицист, заманымыздың заңғар тұлғасы

Қоғам қайраткері, жазушы, публицист, заманымыздың заңғар тұлғасы, ел жанашыры, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы туған жері Маңғыстаудан бастау алып Республика көлемінде аталып өтуде. Ә. Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жрлы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру мақсатында Акалемик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде " Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер Ә. Кекілбаев" тақырыбында тарихшылар жәнк қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздарымен кездесу өтті. "Әсем сөзі құс боп шарлап жер көкті..." -айдарымен жалғасын тапқан бұл кеште оқушылар жазушының өлеңдерін жатқа айтты.