Қысқы демалыс қызығы.
Қысқы демалыс қызығы. Аудан орталығындағы мектеп оқушыларының қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында Академик Қ. И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қызметкерлері музейге келген мектеп оқушыларына тегін экскурсия жүргізді. Өткен жылы музейге келген келушілер санының ішінде музейге келуші оқушылар саны көп болғаны байқалады.
Бұның басты себебінің бірі - мектеп басшылығы мен ұстаздар оқушылардың рухани білім деңгейінің артуына басты назар аударғаны деп білеміз.