Құрметті достар!

Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Көк туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды, ел мәртебесі биік болсын!

Ізгі ниетпен «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музей» ұжымы