"Әжелер мектебі" шеберлік сағаты
Қазақ салтындағы озық өнердің бірегейі ол - қолөнер. Әсемдік пен әдеміліктің жарқын бейнесі, сән мен салтанаттың көрікті келбеті қолөнер арқылы көрініс табады. Биік талғам, әсемдікті көре білетін қырағы көз бен үйлестіре алатын икем арқылы көркем дүниелер жасалады.
Дәстүр мен ғұрыптан бастау алып, ырым мен тыйымды тиянақтайтын да - қолөнер.Қазақ қолөнері атадан балаға мирас етіп отырды десек, асыл әжелеріміз халқымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларының ұлттық ерекшеліктерін, ою-өрнек өнерін жете түсіндіріп, кейінгі ұрпағын қолөнерге жіте баулуда.
Халқымыз еңбек пен өнерге егіз деп қараған, қолөнері шеберлігін жоғары бағалап, саналы ұрпақты тәрбиелей білген, ізгілік пен әсемдік бұлағын айқындай түскен *"Әжелер мектебі " шеберлік сағатынан* үзінді тамашаладыңыздар.